top of page
2017_novinki2.jpg

Қорымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік толғаныстары" сериясымен түрлі сала бойынша жарық көрген бірнеше автордың әдебиеттерімен толықты. Бұл серия жазушы-журналисттердің шығармаларының арқауы қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетке қосылып, қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері туралы. Белгілі тұлғалардың рухани қазынаға қосқан үлестері жайында.

Сәттібай, Көсемәлі. Менің елім [Мәтін]: Публицистикалық  мақалалар / К. Сәттібай. - Алматы: "Нұрсәт" баспасы, 2016. - 396 б.

Белгілі жазушы –журналист, публицист Көсемәлі Сәттібайдың «Менің елім» атты публицистикалық жинағында қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі тұстағы халықаралық аренада алған орны, әлемдік өркениетке қосылып демократиялық қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері жайлы кеңінен айтылады. Автор нақты мәліметтер мен дәйектерге сүйене отырып, еліміздің, қоғам өмірінің әртүрлі салаларында жеткен жетістіктері жайлы тереңнен ой қозғайды. Қаламгер өзі қызмет істеп жүрген оңтүстік өңірі, оның ішінде Жамбыл облысының тыныс тіршілігі жайлы, экономика мен өндіріс, мәдениет пен өнер салаларындағы оң өзгерістерді тілге тиек етеді.

Тоқашбаев, Марат. Жан-Дауыс [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар / М. Тоқашбаев.- Алматы: "Нұрсәт" баспасы, 2016. - 380 б.

Жазушы-журналист Марат Тоқашбаевтың есімі республика жұртшылығына жақсы таныс. Қаламгердің «Жан-дауыс» атты жаңа кітабы ел мен жер тарихына қатысты публицистикалық еңбектерінен, зерттеу жұмыстарынан, соңында айта жүрерліктей із қалдырған тұлғалар туралы очерктерінен құрастырылған. Әлеуметтік мәселелер мен ұлт перзенттерінің сан тарау тағдыры – жинақтың басты тақырыбы

Үркімбай, Рысбек. Елі ушін еміренгендер [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар / Р. Үркімбай.- Алматы: "Нұрсәт" баспасы, 2016. - 380 б.

Жинаққа қазақтың белгілі тарихшы ғалымдары мен мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы қайраткерлермен болған сұхбаттар енгізілген.

Пірназар, Серік. Парасат пен пайым [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар / С. Пірназар. - Алматы: "Хантәңірі" баспасы, 2016. - 400 б.

Бұл жинағына автордың бір топ публицистикалық туындылары еніп отыр. Еңбекте еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл көлеміндегі айшықты оқиғалар мен жеткен жетістіктер жайлы толғаныстары мен тебіреністері көркем тілмен баяндалады.

"Тәуелсіздік толғаныстары" сериясынан бөлек, қорымызға әр ғылым саласына байланысты жекелеген кітаптар да келіп түсті.

Сәулебек, Айтбай.  Қамшысөз [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар, әңгімелер / А. Сәулебек. - Алматы: "Айғаным" баспа үйі, 2016. - 190 б.

Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ондаған кітаптың авторы Айтбай Сәулебектің есімі республикаға кеңінен танымал. Атап айтар болсақ, «Ғарышта –қазақ!» («Айналайын, Земля!», қосалқы автор), «Ақ пен қара», «Тәуелсіздік нұры», «Жүректегі қызғалдақ»,

«Махаббатым–өз жүрегім», «Елбасының алтын бесігі», «Золотая калыбель Президента», «Тарихы терең Тартоғай» (энциклопедия), «Қасиетті қала», т.б. еңбектерімен қалың оқырманға жақсы таныс.

Публицист, жазушы әрі ақын ретінде көпшіліктің көзіне түскен Айтбай Сәулебектің «Қамшысөз» атты жинағына тәуелсіздік жылдарында жазылған сан алуан жанрдағы публицистикалық жазбалары, зерттеулері, әдеби дүниелері топтастырылған.

 Автордың тілі жатық, қарапайым. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Адырбек, Көлбай. Тәуелсіздікке талпыныс [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар / К. Адырбек.- Алматы: "Айғаным" баспа үйі, 2016. - 380 б.

Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің бұл жинағына еліміздің тәуелсіздік алуына баспалдақ болған, XX ғасырдың соңғы репрессиясы – Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ азаматтары туралы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты мәліметтер мен деректер енгізілген.

СВЯЗАТЬСЯ

Отправлено. Спасибо!

bottom of page